Салониқалықтарға 1 4 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Ал енді, бауырластар, ең соңында өздеріңе айтар өтінішіміз, Иеміз Исамен болуды Құдайға да ұнамды болып жүрудің сырын бізден қалай қабылдасаңдар, солай жүріңдер деп соған шақырамыз, ал бұдан да көбірек жетіліп, жетістікте болғыларың келсе, солай жүруге тиіссіңдер.

2Өйткені біз сендере қандай тәлім берсек те біз оны тек Иеміз Иса арқылы бергенімізді өздерің білесіңдер.

3Өйткені Құдайдың еркі деген мынау-сендер тазаланып таза болдыңдар, енді неке адалдығын бұзбай, таза жүріңдер,

4әрқайсыларың өз бойларыңдағы тәндік қаситеттеріңе ие болып, оны таза ұстаңдар.

5Ешкім Құдайды білмейтін өзге ұлттың өкілдері сияқты сезімнің құмарлығына берілмей,

6шектен шықпай әрі өз іс-әрекетіне адал болып бауырын алдамасын, өйткені ең басында біз сендерге Құдай бәрін де жауапқа тартады деп айттық әрі сол туралы куәлікте айтып бердік.

7Өйткені бізді Құдай шақырғанда азғындыққа емес, керісінше тазалық, яғни таза жүруге шақырды.

8Демек, осы нәрсені жоққа шығарған адамның айтқанын жоққа шығарып тұрған жоқ, керісінше ол сендерге Өзінің Киелі Рухын берген Құдайды жоққа шығарып тұр.

9Ал енді өздеріңе бауырластарды қалай сүю керек, сол туралы жазып жатудың қажеті жоқ, өйткені сендер бірбіріңді сүюді Құдайдан үйрендіңдер

10ал соны Македониядағы барлық бауырластарға көрсетіп соны істедіңдер. Бауырластар, ендігі біздің өтінішіміз, осы істеріңді бұдан да мол етіп істеуге

11тырысып, тыныш жүріп біздің өздеріңе бұйырғанымыздай қолдарыңнан келетін істерді атқарып өз қолдарыңмен жұмыс істеп,

12сыртта жүргендере ізгі мінез көрсететін болсаңдар, онда сендер еш нәрсеге де мұқтаж болмайсыңдар.

13Бауырластар, біз сендерді өлгендермен не болатыны туралы хабарсыз қалдырғымыз келіп тұрған жоқ, әйтпесе үмітсіз жүрген басқа біреулер секілді болып кетерсіңдер.

14Өйткені егер де біз Исаның өліп, Оның Өлімнен қайта тірілгеніне сенетін болсақ, онда Құдай өлгендерді де сол Иса арқылы Өзіне алып келе алады.

15Өйткені біз сендерге осыны Иеміздің сөзіне сүйене отырып айтып тұрмыз, себебі біз тірі жүріп, өмір сүріп жүргендер Иеміз келген кезде де өлгендерден озып кетіп қалмаймыз,

16өйткені бас періште ұрандатып Құдайдың кернейінің даусын шығарып тартқан кезде, көктен Құдайдың Өзі төмен түседі, міне, сол кезде ең алдымен Мәсіхке сенгендер өлімнен қайта тірілетін болады,

17ал содан кейін біз тірі жүргендер солармен бірге ауа кеңестігіне бұлтпен көтерілеміз де, Оны сол жерде қарсы аламыз, осылай Иемізбен әрқашан да бірге боламыз.

18Сол үшін бір-біріңді әрқашан да осы сөздермен жұбатыңдар.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help