1Балаларым менің, мен сендер күнә жасамасын деп осыны өздеріңе жазып отырмын. Ал егер де кім күнә жасап қойса, онда бізді Әкеміздің алдында қорғап алатын қорғаушымыз бар, Ол-әділетті Иса Мәсіх.
2Міне, Сол біздің күнәларымыз үшін Өзін құрбандыққа беріп, біздің күнәларымыз үшін төленетін құнды төледі, Ол тек қана біздің күнәларымыз үшін емес, сонымен қатар, Ол бүкіл әлемнің күнәлары үшін де құн төледі.
3Сондықтан біз, Оның өсиеттерін орындауға тиіспіз, егер де біз Оның өсиеттерін орындайтын болсақ, сол арқылы біз Оны танитынымзды білдіреміз.
4Ал кім «мен Оны танимын» деп айтып алып, өзі Оның өсиеттерін орындамайтын болса, ол-өтірікші, әрі оның бойында шындық болған емес.
5Ал енді кімде кім, Оның сөзін орындап соны іске асыратын болса, сол адамда Құдайдың шынайы сүйіспеншілігі өз кемеліне жетті. Міне, осы арқылы біз өзіміздің Онымен бірге екенімізді білеміз.
6Өйткені «Онымен біргемін» деп айтқан адамның міндеті: Ол қалай жүрсе, ол да дәл солай жүруі тиіс.
7Сүйікті бауырларым, менің өздеріңе жазып отырғаным жаңа өсиет емес, бұл-өздеріңде әуел бастан бар болған көне өсиет. Себебі, өздерің естіген сол сөз, ол көне өсиет болатын.
8Сонымен қатар мен сендерге жаңа өсиет те жазып ортырмын, өйткені Оның Өзі шындық, енді сол шындық мына сендерде, себебі түнектің уақыты өтіп кетті де, оның орнына шынайы да, таза жарық пайда болды.
9Ал мен Жарықта жүрмін деп айтқанымен, өз бауырын жек көретін адам, әлі де түнекте жүр.
10Кім өз бауырын сүйетін болса, сол жарықта өмір сүреді, сол себептен ол азғырылуға түспейді.
11Ал енді өз бауырын жек көретін адам, ол әлі де түнекте, ол әлі де түнектің жетегінде жүр, сондықтан ол өзінің қайда бара жатқанын да білмейді, өйткені түнек оның көзін жауып соқыр қылып тастаған.
12Балаларым, сендерге сол туралы жазып отырмын себебі сендердің күнәларың тек Оның есімі арқылы кешіріледі.
13Әкелер, сендерге де сол туралы жазып отырмын, өйткені сендер Оны әуел бастан білесіңдер. Ал енді жастар, сендерге де сол туралы жазып отырмын, өйткені сендер зұлымдықты жеңдіңдер.
14Балалар, сендерге де сол туралы жазып қойдым, өйткені сендер Әкені білесіңдер. Әкелер сендерге де сол туралы жазып қойдым, өйткені сендер Оны әуел бастан білесіңдер. Жастар сендерге де сол туралы жазып қойдым, өйткені сендерде күш бар, сендер -күштісіңдер, әрі Құдайдың сөзі сендерден орын алып сендермен бірге жүр сондықтан сендер зұлымдықты жеңіп шықтыңдар.
15Осы Әлемді және осы әлемге тән нәрселерді сүймеңдер. Егер кімде кім осы әлемді сүйетін болса, Әкенің сүйіспеншілігі сол адамда орын алған жоқ яғни болған да емес.
16Себебі осы әлемге тән нәрсенің бәрі, тек тәндік қалау мен көздің қалауын және күнделікті тұрмыс -тіршіліктегіні мақтан тұтып соны паш етеді, ал бұлар Әкеден емес керісінше осы әлемнің өзінен келген нәрселер.
17Негізінде осы әлем де және оның қалауы да тез өтіп кететін өткінші болып келеді, ал кім де кім Құдайдың еркін орындайтын болса, сол мәңгі қалады.
18Балалар, сендер соңғы уақыт келген кезде Мәсіхке қарсы тұрушы келетіні туралы естідіңдер, ал қазірдің өзінде көптеген Мәсіхке қарсы тұрушылар пайда болды, біз соңғы уақыттың келгенін осыдан білеміз.
19Олар біздің ортадан шықты, алайда олар біздікі болған емес, егер де олар бізге тән болса, онда олар бізбен бірге қалар еді, алайда осы арқылы олардың біздікі емес екендері анық көрінді.
20Ал сендерде Киеліден келген майлау сол арқылы бәрін білетін боласыңдар.
21Менің сендерге мұны жазғандағы мақсатым сендер, шындықты білмейді деп жазған жоқпын, керісінше сендер оны білесіңдер, ал шындықтан ешқандай өтірік шықпайды.
22Себебі кім де кім Исаның Мәсіх екенін мойындамаса сол-өтірікші, өйткені ол өтірікші болмағанда кім өтірікші болады? Ал кім де кім Әке мен Ұлды мойындамайтын болса, сол Мәсіхке қарсы тұрушы.
23Ал кім Ұлды мойындамайтын болса, Әке онымен болмайды, ал кім Ұлды қабылдайтын болса, онда Әке бар.
24Ең басында сендер не естідіңдер сол өздеріңде қала берсін, себебі сендер ең басында не естідіңдер сол сендерде қалатын болса, онда сендер Ұлмен де, Әкемен де бірге қалып, бірге боласыңдар.
25Ал Оның бізге берген уәдесі-ол мәңгілік өмір, себебі Ол бізге «Мен сендерге мәңгілік өмір беремін» деп уәде еткен болатын.
26Мен мұны сендерді адастырып кетпесін деп жазып отырмын.
27Ал Одан сендер Оның майлауын қабылдап алдыңдар, енді сол майлау сендерде қалып, сендермен болады, сондықтан енді сендер ешкімнің үйретуіне мұқтаж емессіңдер. Өйткені Оның майлауы сендерді барлығына үйретеді, өйткені ол-шындық, яғни өтірік емес, сондықтан ол сендерді қалай үйретсе соның үйреткенімен қалыңдар.
28Ал енді балалар, Иса Мәсіхте қалыңдар, сонда Ол келгенде біз әрі батыл боламыз, әрі ұятқа да қалмаймыз.
29Егер де сендер әділдіктің қандай екенін білгілерің келсе, мынаны біліп алыңдар -кімде кім әділетті іс жасаса, сол -Содан туылған адам.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.