1Иса Мәсіхтің құлы Пауыл мен Тимотей, Фліп қаласындағы, киелі бауырластарға, қауым басқарушыларына, қызметкерлеріне
2Құдай Әкемізбен, Иеміз Иса Мәсіхтен келген рахымдылықты, бейбіт тыныштықты тілейді.
3Менің Құдайым сендерді әрқашан да менің есіме салып тұрады, мен соған ризамын,
4сондықтан менің барлық мінәжатым, барлығың үшін болғандықтан, соны қуанышпен атқарып жүрмін,
5өйткені сендер алғашқы күннен бастап, міне осы күнге дейін ізгі хабарды таратуда белсенділік көрсетіп келесіңдер,
6ал осы игілікті іс өздеріңнен басталды, енді сол Иса Мәсіхтің күні келгенше жалғаса беретініне мен нық сенемін.
7Осындай ойда болғаным барлығы үшін дұрыс болатын секілді, себебі сендер менімен бірге Құдайдың рахымын бөлісу үшін мен абақтыда отырсам да, сол ізгі хабарды қорғап, оны негіз етіп бекіткен кезде де менімен бірге сол үшін күйініп, мені қолдадыңдар, сол іс-әрекеттерің үшін сендер менің жүрегімнен орын алдыңдар.
8Құдай куә, менің бар қалауым сендердің ішкі жан дүниелерің толығымен Иса Мәсіхтің сүйіспеншілігіне бөленсе екен деймін,
9сондықтан мен былай мінәжат етудемін «Сендердің сүйіспеншіліктерің одан сайын көбейіп, Оны танып-білу қабілеттерің одан сайын өсіп, әрбір нәрсені терең түсіне алатын дәрежеге жете берсін»,
10сонда сендер өздеріңе ненің пайдасы бар екенін ажырата алатын қалде боласыңдар, әрі Мәсіхтің келетін күні әрі таза, әрі мінсіз болу үшін,
11Иса Мәсіх арқылы әділдіктің жемісін толықтай паш етіп, Құдайдың даңқы мен мақтауына ие болса екен деп тілеймін.
12Баруырластар, менің сендерге білдіргім келгені, менің басыма түскен осы жағдай ізгі хабардың таратылуына, оның алға қарай жылжуына көп ықпал етуде.
13Өйткені осы патша сарайының күзетшілеріне де, басқаларына да менің тек Мәсіхке көрсеткен қызметім үшін ғана абақтыда отырғаным ашылып мәлім болды.
14Сондықтан болар біздің Иемізге сенім артып жүрген бауырластарымыздың көбі менің осы абақтыда отырғанымды жеңілдету үшін, аса бір батылдықпен, ізгі хабардың сөзін қорықпай уағыздап жүр.
15Ал кейбіреулері, бұл істі қызғаныштан, айтыс-тартыспен істесе, енді біреулері Мәсіхті таза ізгі ниетпен уағыздап жүр.
16Кейбіреулері менің ізгі хабарды қорғап жүргенімді біліп, оны сүйіспеншілікпен уағыздауда,
17ал басқалары Мәсіхті таза ізгі ниетке сүйеніп уағыздаудың орнына, айтыс-тартыспен бәсекелестікке салынып абақтыда отырған мені одан әрі күйзеліске душар етуде.
18Алайда бұл маңызды ма? Ең маңыздысы қандай әдіспен болса да немесе қандай қалаумен болса да тек шынайы Мәсіх уағыздалса болды, мен соған қуанамын, керісінше айтсам қуаныпта жүрмін,
19өйткені бұл жағдай сендердің мінәжаттарың арқылы менің бостандыққа шығуыма да септігін тигізеді, әрі Мәсіхтің Рухының іс-әрекетін де қолдайтын болады деген ойдамын.
20Ал мен үміттенген осы үмітімнің ешқайсысы да мені ұятқа қалдырмайды, керісінше енді бұдан былай, мейлі менің өмірім арқылы болсын, мейлі менің өлімім арқылы болсын, менің денемде әрқашанда Мәсіх мадақталуы тиіс.
21Өйткені Мәсіх менің өмірім, ал өлім мен үшін ұтып алған ұтыспен тең.
22Ал енді менің өмірім мына денеде одан әрі жалғасатын болса, онда маған жемісті еңбек ету керек болады, сондықтан мен осы екеуінің қайсысын таңдап аларымды білмеймін.
23Екі жақты да ұстап қалғым келеді, бір жағынан кері қайта қайтып, Исамен бірге болсам деген қалау тұр, бұл көпшілікке аса пайдалы болмақ,
24ал бір жағынан сендерге пайдалы болу үшін, осы денеде қалсам деймін.
25Алайда аз уақытқа болса да осында қалатынымды да білемін әрі солай болатынына сенімдімін, сөйтіп өздеріңмен бірге болған барлықтарыңның қуанышпен алға жылжып сенімде жүрулеріңе түрткі болмақпын.
26Сонымен менің сендермен тағы да бірге болуым арқылы сендердің Иса Мәсіхке беретін мадақ -мақтауларың одан да молайып арта түспек.
27Сол үшін тек Иса Мәсіхтің ізгі хабарына сай өмір сүріңдер. Мейлі мен сендерге барсам да, көрсем де, не алыста жүрсем де мен сендер жайлы «олар бір рухта жүріп, осы ізгі хабар үшін бір жандай күресіп, соны уағыздап жүр» дегенді естігім келеді,
28сондықтан осы ізгі хабарға қарсы тұрушылардың ешқайсынан да қорықпаңдар. Өйткені олар құрып -жоғалып кететіндер, ал сендерде құтқарылу бар, оны сендерге Құдай берді.
29Сондықтан сендерге Мәсіх арқылы тек Оған сенуді ғана емес, сонымен қатар сендерге Ол үшін азап шегуді де беріп қойды,
30ал сол күрестің менің өмірімде орын алғанын өздерің де көрдіңдер және менің әлі де соны басымнан өткізіп жатқаным туралы естідіңдер.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.