1Егер де мен адамдардың немесе періштелердің тілдерінде сөйлей алатын болсам, алайда менде сүйіспеншілік болмаса, онда мен қоңыраулы мыс немесе сыңғырлаған асатаяқ (кимвал) секілді боламын.
2Егер менде пайғамбарлық дарын болып, барлық құпиялар мен бүкіл білімді меңгерсем де, орнынан тауды қозғалтатындай сенімім болса да, бірақ менде сүйіспеншілік болмаса, онда мен түкке де тұрмаймын.
3Егер де мен бүкіл дүние-мүлкімді елге (мұқтаждарға) таратып берсем және өзім мақтауға лайық болу үшін, өз денемді қиып бергеннің өзінде, менде сүйіспеншілік болмаса, онда бұл да маған ешқандай пайда әкелмейді.
4Сүйіспеншілік бәріне де шыдайды, сүйіспеншілік тек жақсылық жасайды, ол не қызғанбайды, не мақтанбайды және паңданбайды,
5ол не жүгенсіз (дөрекі) емес, өз пайдасын іздемейді, ашуға берілмейді, жамандық ойламайды.
6Әділетсіздікке емес, тек шындыққа қуанады.
7Барлығын бүркемелеп, жауып тұрады, бәріне сенеді, бәріне үміттенеді, бәріне шыдайды.
8Мүмкін, пайғамбарлық тоқтайтын шығар, тілдер де жойылар, білім де қысқарар, ал сүйіспеншілік ешқашан жойылмайды.
9Біздің білетініміз де толық емес, әрі біздің пайғамбарлығымыз да жарым жартылай ғана
10ал кемелділік келген кезде, сол жарым жартылай болғанның бәрі жойылатын болады.
11Мен балалық шағымда бала тілімен сөйлеп, бала сияқты ойлап, бала сияқты пайымдайтынмын, енді есейіп, азамат болған кезде, балалығымның бәрі артта қалды.
12Қазір біздің көріп жүргеніміз күңгірт айнадан көргендей бұлдыр бейне ғана, ал сол уақытта бір-бірімізді бетпебет көретін боламыз. Қазіргі менің білетінім де жартылай ғана, сол кезде Құдай мені қалай білетін болса, мен де солай Оны танып-білетін боламын.
13Сонымен, мына үшеуі нақты мәңгіге қалады: сенім, үміт, сүйіспеншілік. Осылардың арасындағы ең үлкені (маңыздысы) - сүйіспеншілік.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.