Аян 10 - Zhana Osiet(NTKAZ)

1Одан кейін мен өте бір мықты періштенің көктен түсіп келе жатқанын көрдім. Ол бұлтқа оранып алған және оның басының үстіңгі жағында кемпірқосақ жарқырап тұрды. Оның жүзі күндей жарқырап, аяқтары отты бағаналар сияқты еді.

2Оның қолында беті ашылған бір кітапша болды. Әлгі періште оң аяғын теңіздің бетіне, сол аяғын жерге қойды.

3Ол айғай салғанда, даусы ақырған арыстанның гүріліне ұқсас болды, осы ақырған дауыстан күн жеті рет күркіреді.

4Күн жеті рет күркіреген кезде, мен жазуға дайындалдым, бірақ сол кезде көктен шыққан үннің: -Жеті рет күн күркірегенде айтылғанды жазба, оларды тек мөрмен бекітіп қой, - дегенін естідім.

5Одан кейін бір аяғымен теңізде, бір аяғымен жерде тұрған әлгі мен көрген періште оң қолын көкке көтерді.

6Көкті және көктегінің бәрін, жерді және жердегінің бәрін жаратқан, теңізді және ондағының бәрін жаратқан, ғасырдан ғасырға мәңгі жасайтын тірі Құдайға ант берді. -Берілген уақыттың мерізімі бітті, -деді ол, -енді уақыт (кешігу) болмайды.

7Алайда жетінші періште кернейін тартуға дайын болғанда, кернейінің үні шығатын күн Құдайдың құпия жоспарының толық орындалатынын білдіреді, өйткені Құдай Өзінің құлдары пайғамбарларға қалай жеткізген болса, дәл солай болады.

8Сосын көктен естілген әлгі дауыстың маған тағы да сөйлеп тұрғанын естідім: -Сен бір аяғын теңізге, екінші аяғын жерге қойған періштенің қолындағы кітапты ал, -деді.

9Мен періштеге барып, оған қолындағы кітабын беруін сұрадым. Сонда ол маған: -Сен кітапты алған соң, оны жеп қоюға тиіссің, ол сенің асқазаныңа түскенде, ашытады, ал аузыңда бал секілді тәтті болады, - деді.

10Мен періштенің қолындағы кітапты алдым да, оны жеп қойдым. Мен оны жей бастағанда, аузымда тәтті бал секілді болды да, ал жеп болған соң, асқазанымды күйдіріп жіберді.

11Сонда маған былай деді: -Саған әлі де көптеген халықтар мен басқа ұлттарға, өзге тілде сөйлейтін рулар мен көптеген патшалықтарға осы пайғамбарлық хабарды жариялап, жеткізуге тиіссің.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help